Жұма, 27 желтоқсан, 07:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілердің  71 проценті жұмыспен қамтылған

08.07.2022

676 0

Қызылордада қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі сотталғандарды жұмыспен қамту. Сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды. Бүгінде облыстағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың  71 пайызы жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік  аймағында 12 кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтыса, ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесіндегі  жазасын өтеушілер қала аумағындағы  30 кәсіпкерде  жұмыс жасайды. Сотталған азаматтар  әк өндіру, газоблок, құм блоктарын өндіру, колөнер мен аяқ киім тігу, кірпіш өндірісі, пластик терезелер шығару, жалюзи дайындау, автокөліктерді жөндеу, жұмсақ жиһаз даярлаумен айналысады.

ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет майоры Бақыт Абилованың айтуынша шағын және орта бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады, тек жан-жақты қолдау және мүдделік қажет.

Жеке кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінің аумағына жұмыс істеуге  шақырамыз. Мекеменің өндірістік аймағында бос ғимараттар бар, жеке кәсіпкерлердің өз жобаларын  жүзеге асыруға көмектесеміз. Білікті жұмыс күші де осы жерден табылады. Жазасын өтеушілер үшін де жұмыспен қамтылу өте маңызды. Олар жұмыс жасау арқылы  мемлекет, жеке және заңды тұлға алдындағы берешектерін өтейді. Сотталғандарды жұмысқа орналстыру- олардың түзелу жолына нық тұруларына ықпал етеді,- дейді әділет майоры Б.Абилова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: