Жұма, 13 ақпан, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

13.02.2026

59 0

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгінің маңызды міндеті. Қағиданы қаперден шығармаған ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі дер кезінде іске кірісуді құп көреді. Яғни, АКАӘПТЖББ-нің жасақ бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Сұлтан Айғараның ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді.

Кездесудің өзегі – желтоқсан айында Мемлекет басшысы қол қойған “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” Заң мен бірқатар заңнамалық актіге енгізілген өзгерістер жөнінде тарқатып айту. Алдымен мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Айбол Махашев сөз сөйлеп, кездесудің мәнін ашып берді. Бұл тақырып төңірегінде іс-шараға арнайы шақырылған сала мамандарының да тосылып қалмағаны түсінікті. Қызылорда ҚПБ-ның Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Учаскелік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Жандос Ахметжан қабылданған заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыты, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті нығайтудағы маңызын мысал етті.

Ал, Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Шыңғыс Орынбасардың айтуынша, Заң жазасын өтеушілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, олардың өз өмірін өзгертуге, өзіне және қоғамға пайда келтіруге мүмкіндік беретінін алға тартты. Бұл – олардың қоғамға қайта оралуын жеңілдетіп, құқық бұзушылықты қайталаудың алдын алуға бағытталған нақты құрал.

– Жазасын өтеуші азаматтармен өткізген кездесудің маңызды екенін атап өткім келеді. Мұндай іс-шаралардың басты міндеті – әрбір азаматтың жаңа заңнамалық өзгерістермен танысып, өз құқықтары мен міндеттерін нақты түсінуіне жағдай жасау. Біз құқық бұзушылықты алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ерекше мән береміз. Кездесу барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауап алды, – дейді әділет майоры С.Айғара.

Иә, тәртіпке үндейтін іс-шара саналы таңдау жасауға ықпал етері сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: