Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелеріндегі дін ұстанушы сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде деструктивті діни ағымды ұстанушы сотталғандарға «Жұмақ» атты көркем фильмі көрсетілді.
Фильм сюжетінде деструктивті діни ағымға түсіп, өмірі күрт өзгерген Әли атты жас жігіттің тағдыры көрсетіледі. Отбасынан бас тартып, ата-анасынан айырылып, достарымен араласуды доғарып, аяғында темір тордың ар жағынан шыққан жігіттің өмірі жайлы көрсетіледі. Фильмді тамашалаған сотталғандар ерекше әсерге бөленіп, бақыт пен бақытсыздықты, тура жол мен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің қадірін бағамдай түскендіктерін жасыра алмады.
Аңдамай сүрініп, темір торға тоғытылғандарға мұндай киноларды жиі ұйымдастырылады. Теолог мамандармен имамдармен де кездесулер ұйымдастырып, терроризм және діни экстремизм идеологиясын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды қөзқарастардан арылту мақсатында жұмыстар жүргізудеміз. Дін саласының мамандарымен кездесулер жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттырып, діни көзқарастарын оң бағытта болуына көп септігін тигізеді,-деді мекеменің теологиялық оңалту тобының аға инспекторы Мейрамбек Жамиев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!