Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жедел кеңес өтті

20.04.2023

442 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Жаназаровтың төрағалығымен Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Д.Садуақасов, пробация қызметкерлері және Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Жедел кеңестің күн тәртібінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан қылмыстың алдын алу және өзара іс-қимыл жасау жөнінде өзекті мәселелер қозғалды. Бұл кеңестің мақсаты – пробация қызметі мен полиция бөлімдерінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылы болып табылады.
Кеңесте полиция бөлімдерінде белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері туралы ақпарат алмасу, алынған адамдардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ тоқсанына кемінде бір рет есепке алынатын адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. Кеңесте қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Баймурзаев пробация есебіндегі азаматтармен атқарылған жұмыстарға тоқталып, қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейту қажет екендігін, учаскелік полиция қызметкерлерімен есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбаттар тұрақты жүргізілсе деген ұсынысын жеткізді.
Алдағы уақытта да осындай кеңестер тұрақты негізде өткізілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: