Атқарылған істің нәтижесін саралау – алдағы уақытқа нақты бағыт сілтейтін, жаңа межені белгілейтін маңызды үрдіс. Бүгін тоғыз айдың жұмысын түгендеу мақсатында ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өтті.
Басқосуда мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өмірзақ Сейдахметов жүргізілген жұмыстардың қорытындысы жайында баяндама жасады. Өз кезегінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Мейрам Бекжанов қызмет сапасын арттыру бойынша сөз қозғап, кемшіліктерді жоюға баса мән беру керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, бөлім басшыларына сұрақ қою кезінде түйткілді тұстарға тоқталып, оларды шешу жолдары ортаға салынды. Талқылаудың ұсыныспен толыққаны жиынның мәнін аша түсті десек артық емес. Тіпті, тәртіпті сақтау, жазасын өтеушілердің құқықтарын қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелері де кеңінен қаралды.
Кеңес соңында мекеме бастығы әділет майоры Азамат Әмірбек қызметкерлерді жұмыс сапасын одан әрі жетілдіруге, олқылыққа жол бермей, оң көрсеткішті еселей түсуге шақырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!