Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жедел кеңесінде тоғыз ай қорытындысы талқыланды. Жиын ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Бекжанов, №60 мекеме басшысы әділет полковнигі М.Өтетлеуовтың төрағалығымен және РМК «Енбек-Қызылорда» филиалының директорының орынбасары, жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлердің қатысуымен өтті.


Жиында тоғыз ай бойында жасалған жұмыстар жайында мекеме басшысының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділет майоры А.Ертай баяндама жасады. Бөлім басшылары мен жауапты мамандарға тікелей сұрақтар қойылып, тұжырымдар жасалды. Сотталғандарды жұмыспен қамту, өндіріс көлемін көбейту және кәсіпкерлер тарту жұмыстарына ден қойылды. Жазасын өтеушілердің жалпы және кәсіптік білімдерін арттыру, курстардан өткізіп, қоғамға бейімдеу жөнінде кеңінен талқыланды. Мекемедегі өзекті деген мәселелер қозғалып, ұсыныстар мен шаралар қабылданды.
Жедел кеңес соңында алдағы тоқсанға тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар нақтыланып, жұмыс сапапсын одан әрі жетілдіру тапсырылды.
Төлеп Рәпіш,
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!