Мамыр айының 13-15 күндері аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара барысында облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайтын болады.
Мамыр айынын 12-і мен 14-і күндері аралығында облыс көлемінде «Абайланыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.Аталмыш шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау. Сонымен қатар, Полиция департаментімен білім беру ұйымдарының айналасында орналасқан көше жол тораптарының жағдайы зерделенетін болады.
«Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде Ағымдағы жылдың мамыр айының 12-14 күндері аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу болып табылады. Талдауды жүргізу, нәтижелерді жинақтау үшін іс-шара өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы, Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-іздеу топтары құрылды. Бұл жұмыстар бақылауда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!