Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

03.02.2022

1248 0

Облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара барысында анықталған 147 қылмыстың 87-сі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Рахметов хабарлады.

-«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол апатына қатысты 1400 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Сондай-ақ, жалға берілетін 480 пәтер тексерілді. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен – 293, ұсақ бұзақылық жасаған – 507, көші-қон заңнамасын бұзған – 34 шетелдік азамат анықталды. Ал жыл басынан бері 3 807 жол-көлік оқиғасы тіркелді,- деді Марат Рахметов.

Айта кетейік, 24-30 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Нәтижесінде, 413 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 35 құқық бұзушының мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: