Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37, №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне №60 мекемесінің психологы Моншақ Маханова соңғы уақытта қоғамның дертіне айналған өзекті мәселе лудомания бойынша ақпарат берді.
Дәріс барысында жеке құрам қызметкерлеріне лудомания ерекшеліктері, адамға зияны, мұның салдарынан біреу баспанасынан, көлігінен, тіпті ең жақын адамдарынан да айырылып жататынын, бұл адамның өмірін бұзатын ауыр, психикалық ауру екендігін түсіндірді. Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. – Қазіргі таңда көптеген жастар арасында оңай жолмен ақша табу, құмар ойындарға қызығу сияқты проблемалар көп кездесіп жатады. Біз құмар ойынның қандай орны толмас қайғы-қасіретке әкеле¬тінін білеміз, көзбен көріп, құлақпен естіп те жүрміз. Сондықтан құмар ойындарға тәуелділіктен аулақ болыңыздар»,-деді әділет капитаны Моншақ Маханова.
Дәріс соңында психолог маман жеке құрам қызметкерлерінің құмар ойындарға қызығушылықтарын анықтау мақсатында анонимді сауалнама алынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!