Сенбі, 21 желтоқсан, 22:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам тіл мерейін үстем етті

07.12.2022

585 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты «№68 мемлекеттік мекемесінде» мемлекеттік тіл кеңінен насихатталып тұрады. 

Осы орайда, жеке құрам арасында  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және дамыту үшін,   мекеменің жас жеке құрам қызметкерлері арасында « Тіл жүйрігі – ең жүйрік» деген тақырыпта  іс- шара өтілді.

 Өткізілген іс-шараның мақсаты: жас қызметкерлерді тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге баулу, бойларына  шешендік өнерді  сіңіре отырып  ана тіліне  деген сүйіспеншілігін артттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру болып табылды.

Шара барысында қызметкерлер « Мақалдар сәйкестігі», « Даналық ойдан дән ізде» « Қәне, кім жүйрік» деген үш бөлім бойынша сыналып, мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті. 

Погондағы  жас азаматтар,  сөз мәйегі мақалдың сыңарын  жаңылмай тауып, даналық сөздерден тұщымды ой түйіп,  шешендігін танытып, викториналық сұрақтарға жылдап жауап беріп, көсемдігімен көзге түсіп, өз ерекшеліктерімен дараланды.

  Нақтылап айтсақ, әділет кіші сержанты А. Әбдішүкір « Жаса, қазағым» әнін орындап, ұлттық рухты көтерсе, әділет аға сержанты А.Уали  мақалдың майын тамызып айтуда алдына жан салмады. Ал, әділет сержанты Ж. Ахпанбетов шешендігімен ерекшеленді.

Қорыта айтқанда барлық бес қатысушы да, іс-шараға белсене қатысып, мемлекеттік тілге деген  ерекше құрметін білдірді. Бүгінгі іс-шарада М.Шаханов ағамыздың « Рух пен Тіл » өлеңін оқыдым. Ұлт патриотының тіл жөніндегі ойларын құптаймын. Ойымды мына шумақтармен жеткіземін.

  Бабалардан жеткен мұра  бүгінге

 Бар байлығым туған ана тілімді

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

 Қазақ болып қалу үшін түбінде. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін  Қазақстанның әр азаматы  тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, яғни ана тілімізді шұбарламай,таза , табиғи мәнерінде сөйлеуіміз  керек-дейді РжКБ-нің бақылаушысы А.Әбдішүкір

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: