Дүйсенбі, 25 қараша, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам «Заңнамада қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері» сөздігі бойынша диктант жазды

17.02.2022

1153 0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ және орыс тілдерінің мәртебесі туралы мәлімдемесінде, елде қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келеді, ал орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие және оның қолданылуын шектеуге болмайды дегені белгілі.

Ия, шынында да, еліміздің құқық қорғау органдарында жұмыс жасайтын бірқатар қызметкерлеріміз күнделікті жұмыс барысында қолданылатын термин сөздердің қазақ тіліндегі баламасын бірден біліп айта алмайтын жәйттары кездесіп жатады. Бұндай жағдайлар әсіресе қызметтік міндетіне жаңадан кіріскен жас қызметкерлер арасында орын алады.

Міне, осы орайда ЗК-169/1 тергеу изоляторында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл сауаттылығын арттыру, яғни орфографиялық тіл нормаларына мән бере отырып, сауатты мемлекеттік қызметкер болуға талпындыру мақсатында жеке құрамнан диктант алынды.

Іс-шара барысында алдымен жеке құрамға Кеңесбек Демешовтің құрастыруымен 2013 жылы, «Қазығұрт» баспасынан шығарылған «Заңнамада қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері» және бірнеше заң терминдерінің сөздігі ұсынылып, таныстырылды. Сөздіктерді ашып көрген жас қызметкерлер күнделікті іс-қағаздармен жұмыс жасау барысында кездесетін кей термин сөздердің қазақша баламасымен танысты.

Одан соң, 45 қазақша-орысша термин сөз жаздырылды. Бұл сөздерді жазу барысында, жас қызметкерлер қос тілдің граматикасы бойынша білім деңгейлерін танытты. Нәтежиесінде барлығы дерлік жақсы деген бағаға жазып шықты.

– Арнайы оқу орнын бітіріп келген азаматтарды мекемеге жұмысқа қабылдар алдында,мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде меңгере алатындығына аса зор мән береміз. Және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түрлі түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз. Сондай-ақ, мекеменің барлық шығыс-кіріс құжаттарының қазақ тілінде сауаттты түрде, ресми іс-қағаз стилінде жазылуын қадағалап отыру, мемлекеттік тілде аудармашы тіл маманына жүктелген. Яғни, әр шығыс құжаттары жауапты тіл маманының тексерісінен өткеннен кейін ғана, арнайы тексерілді деген мөр қойылып, басқа органдарға жолданылып отырылады- дейді, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Д.Шахи

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: