2023 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл өзгерістер жеке сот орындаушыларының қызметін тиімді ұйымдастыру мен әділдік орнатуға бағытталған.
Енді жеке тұлғалардан талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және басқа атқарушылық құжаттар бойынша 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК мөлшерінде ақы алынатын болады. Сонымен қатар, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне ай сайын 20 АЕК мөлшерінде ақы төленеді. Бұл өзгеріс балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған.
Сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі бойынша ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкер арасында тең бөлінеді. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтініш жасаған тараптан қызмет ақысы алынатын болады.
Осылайша, жаңа өзгерістер жеке сот орындаушыларын қолдап, сот шешімдерін орындауды әділ әрі тиімді етуге бағытталған.
К.Абдурахманова,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!