Сейсенбі, 21 қазан, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібі

21.10.2025

113 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстан Республикасында жеке сот орындаушылары институты – сот шешімдерін дер кезінде және тиімді орындау мақсатында құрылған тәуелсіз кәсіби қызмет саласы. Бұл жүйе мемлекет пен азаматтар арасында заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жеке сот орындаушысы атану үшін кандидат бірнеше кезеңнен өтеді, соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі – тағылымдамадан өту.


Тағылымдама – болашақ сот орындаушыларының кәсіби тәжірибе жинақтап, нақты істермен танысып, заңнамалық нормаларды тәжірибеде қолдануды үйренетін кезеңі.
Осыдан кейін үміткер жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасына тағылымдамадан өту туралы өтініш білдіреді. Палата үміткерді тәжірибелі жеке сот орындаушысына бекітіп, тағылымдаманың басталуын ресми түрде тіркейді. Тағылымдама мерзімі әдетте 6 айға дейін созылады. Бұл кезеңде тағылымгер нақты істерді орындауға қатысады, орындау құжаттарымен жұмыс істейді, борышкерлермен және тараптармен іс жүргізу әрекеттерін бақылайды.
Тағылымдама барысында тағылымгер күнделік жүргізіп, онда өз әрекеттері мен үйренген тәжірибесін сипаттап отырады. Жетекші жеке сот орындаушы тағылымгердің жұмысын үнемі қадағалап, кәсіби және этикалық нормаларды меңгеруін бағалайды.
Тағылымдама аяқталғаннан кейін, тағылымгер жетекшінің жазбаша мінездемесін алады және арнайы емтихан тапсыруға жіберіледі. Бұл емтихан республикалық деңгейде өткізіліп, үміткердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексеріледі.
Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібі – бұл атқарушылық іс жүргізу саласына кәсіби және моральдық тұрғыда дайын мамандарды тартуға бағытталған маңызды кезең. Бұл жүйелі дайындықтың арқасында сот шешімдері заң талаптарына сай, әділ әрі дер кезінде орындалады.

А.Әжіғали, Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: