Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке тұлғалардың банкроттығы

24.04.2024

638 0

         Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың  шешімі   бойынша ғана банкрот  деп танылады.

          Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” 52-57-баптарында, “Оңалту және банкроттық туралы” заңда көзделген. Осы актілерге  сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға несие берушінің, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негіз болады.

        «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»  ҚР 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес, 3 түрлісоттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады.

          Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.  

     Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.  

          Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек  5,9 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2.  өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3.  мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4.  банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5.  банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заң жобасымен: 

 -6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;

-5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.  

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

      5,9 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

                Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

         Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

         Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

          Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

         Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

 • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;

• Кәсіби бухгалтерлер;

• Заң консультанттары;

• Аудиторлар.

          Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

         Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

          Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

         Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

          Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

1)  5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;

2 ) 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;

3) 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.        

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.

Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Егер борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады.

Сот аталған талап бойынша азаматтық істі қарауды толық аяқтаған соң борышкердi банкрот деп танудан, оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы; оңалту рәсімін қолдану туралы; банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы немесе бекітуден бас тарту туралы шешім;борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін жою туралы немесе іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы, сондай-ақ бітімгершілік келісімін бекіту және банкроттық рәсімін тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін.

    Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады. Енді жұмыстарды басқару уақытша басқарушыға жүктеледі. Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді және кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады.  

    Кей  жағдайда алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланатындығын ескерген жөн.

                                                             Тиштикбаева Гульнара Зулгаревна

                                                          Қызылорда қалалық сотының судьясы                                                         

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: