Сенбі, 16 қараша, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлыққа қарсы құқықтық оқыту өтті

10.11.2022

725 0

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналғанын атап өткен жөн.

Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жемқорлық мәселесінің маңызы жыл өткен сайын артпаса, кеміген емес.

Осы ретте Достық үйінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие» тақырыбында құқықтық оқыту өтті. Оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этнос жастары қатысты.

Оқытуды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Қозбағарова жүргізді.  Ол өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, болдырмау жолдары, оны жою, адал ортаны қалыптастыру, жалпы сыбайлас жемқорлықты тосқауыл қоюдың негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

Оқыту соңында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, шара модераторы Айбек Дайрабай Қазақстан көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді. Осы ретте сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбіріміздің міндетіміз дей келе, лекторлар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: