Жұма, 27 желтоқсан, 07:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлыққа қарсылық – ел ертеңіне қамқорлық

22.02.2022

1035 0

Жалпы, жемқорлықты жою – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Ол – елдің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына әсер ететін күрделі құбылыс. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік реформаларға көп кедергісін, зиянын келтіреді, ұлттық экономиканың дамуына әсерін тигізеді, мемлекеттік құрылымдарға деген халықтың сенімсіздігін оятады және халықаралық аренада мемлекеттің жағымсыз имиджін қалыптастырады.

Көпшілікке белгілі, 21 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесіп, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді тұжырымдама әзірлеуді де тапсырған болатын. Мемлекет басшысы бірінші кезекте қарапайым халықтың, кәсіпкерлердің мүддесі ескерілуі тиіс екенін, сыбайлас жемқорлықтың себебімен емес, салдармен күресуге баса назар аударылатындығын, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі талдау, шенеуніктердің бизнеске және азаматтарға әсер ету мүмкіндігінің төмендеуі турасында айта келе, бұл жұмысты жаңа деңгейде қарауға мән берді. Бұл ретте ол коорпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару қажет екенін ескертті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының бес жылға арналған жобасын қосымша нақтылау аясында барлық өңірлерде бизнес өкілдерімен талқылауды тапсырды.

Осы ретте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасын аймақтың бизнес өкілдерімен талқылап, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдаған еді.

Кездесуде аймақ басшысы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, елдің инвестициялық тартымдылығын жоятынын тілге тиек етіп, келеңсіз құбылыспен күресте мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктіруі керектігін айтқан еді.

«Бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және оған қарсы саясатты одан әрі дамыту осы құжаттың аясында жүргізілетін болады. Тұжырымдама жобасын талқылау кезінде азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерінің пікірі маңызды», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Тұжырымдаманы әзірлеуде шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттар ескерілгені анық. Әсіресе, тұрмыстық жемқорлықты жоюға, бюджеттік рәсімдер мен сатып алу тәртібінің ашық болуына, мемлекеттің экономикаға әсері мен әкімшілік кедергілерді азайту принциптері енгізілген. Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы бар. Бірінші блокта – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру айқын көрсетіледі. Екінші блоктағы шаралар сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға бағытталған. Үшінші блок

жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге үндейді. Төртінші блок азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөніндегі шараларды қамтыса, бесінші блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингіне арналған. Ал соңғы блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы бар» деп жоғарыда жаздық. Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ.

Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету бойынша бірқатар шараларды қабылдаймыз.

Бұл – «жылдам жеңіс» емес, басым міндеттердің бірі, негізі. Яғни, құндылықтарды отбасы институты арқылы алға жылжыту маңызды екенін айтқым келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып мектепке дейінгі және барлық деңгейдегі білім беру жүйесіне енгізілуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды мемлекеттік қызметшілер үшін үздіксіз енгізуге ниеттіміз. Бұл өз кезегінде жемісін береді.

Шынын айтқанда, адам сыбайлас жемқорлық қылмысын пайда табу мақсатында немесе өз мәселесін арзан әрі жылдам шешу үшін жасайды. Сондықтан, біз сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатындай етіп жағдай туғызуымыз керек. Бұл мемлекеттік қызметшілерге де, азаматтарға да, бизнеске де қатысты.

Екінші блогтағы тақырып – сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға бағытталған шаралар.

Мұнда бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленді. Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру барысына азаматтық мониторинг, бюджеттік қаражат бенефициарларының жария тізілімін енгізу көзделген.

Мемлекеттік қаржыландыруды нысаналы және өлшенетін индикаторлар болған кезде ғана жүзеге асыру ұсынылмақ. Тұтастай алғанда, бюджеттеуде жобалық қаржыландыруға көше отырып, қаржы жылы шегінде қаражатты игеруден бас тарту ұсынылады.

Бұл күнтізбелік жылдың соңында жалған жұмыс актілеріне асығыс қол қоюды болдырмауға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралына айналады.

Бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына қаржыландыру арқылы «ақша адамның соңынан ереді» қағидатын одан әрі дамыту маңызды саналады.

Жалпы, сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың, ең алдымен тұрмыстық жемқорлықтың алғышарттарын төмендету факторы ретінде айқындалған.

Шаралардың үшінші блогы жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Революционерлердің ішінде сыбайлас жемқорлыққа тұрақтылықты тестілеуді енгізу, бұл жосықсыз қызметшілерді уақытылы анықтауға және жұмыстан босатуға, олардың сыбайлас жемқорлық әрекетінен қоғамға зиян келтіруіне жол бермейді. Ол үшін мемлекеттік органдардың басшыларына осындай тексерулерге өз бетінше бастамашылық жасау құқығы берілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр. Бұл оның мүддесі үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде компанияның әкімшілік жауапкершілігі болады.

Төртінші блок азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөніндегі шараларға арналған.

Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға барлық тілек білдірушілердің қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді. Сондықтан, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы маңызды саналады.

Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдеседі. Бұл ретте мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың деректердің түсініктілігін қамтамасыз ете отырып, шашыраңқылығын жою жөнінде шаралар қабылданбақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда БАҚ пен журналистердің әлеуетін кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту және осындай фактілер туралы хабарлайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар жүзеге асады.

Бесінші блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингіне бағытталған.

Оны объективті бағалау және енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, барабар шаралар қабылдау үшін арнайы мониторинг жүйесін құру ұсынылады.

Бұл үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі мүмкін платформа бола алады, онда бүгінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудың тиімділігіне күнделікті мониторинг пен бақылау қамтамасыз етіледі.

Жүйенің жариялылығы жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы басқару шешімдерін әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін бағалауға толыққанды қатысуына мүмкіндік береді.

Осы жүйеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде министрлер мен әкімдердің рейтингтік бағасы көрсетілетін болады.

Сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың Ұлттық индексін енгізу ұсынылады. Бұл белгілі бір дәрежеде халықаралық рейтингтерге тәуелділікті төмендете отырып, икемді әрекет етуге және уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Алтыншы блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруді көздейді.

Үлкен деректерді талдау негізінде интеграцияланған талдау құралдарын қолдану қарастырылған. Квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің қызметін үйлестіру бөлігінде Агенттіктің құзыретін кеңейту көзделген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы олардың рөлін күшейте отырып, «қайта жүктеуді» жасау ұсынылады.

Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылданады. Осы аспектіде қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыруымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды одан әрі имплементациялау жөніндегі, оның ішінде ГРЕКО мен ЭЫДҰ ұсынымдарын сапалы іске асыру жолымен іс-қимыл пысықталатын болады.

Тұтастай алғанда, дайындалған құжатта олардың сапалы іске асырылуы жағдайында біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етуге қабілетті

шаралар бар деп айта аламыз. Тұжырымдаманы іске асыруда бізге азаматтардың, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың көмегі қажет болады.

Жемқорлыққа қарсылық – елдің ертеңіне деген қамқорлық. Ел-жұрт ең әуелі осыны ұғынуы қажет секілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралардың бірі – жемқорлықтың алдын алу, оны мейлінше азайту. Бұл – мемлекеттік саясаттың да басымды бағыттарының бірі. Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде де көптеген іс-шара атқарылып жатыр.

Негізі, Сыр өңірінде парасаттылық идеологияның драйвері болып табылатын Арнайы мониторингтік топ, «Ақмешіт – Адалдық алаңы», Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасатты жол», т.б. жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысы бір-бір тақырыптың жүгін көтеруге жарайды.

Сонымен, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – арнайы мамандардың ісі делік. Дегенмен, осы жұмыстардың нәтижесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік пікірі болуы шарт. Демек, ел ертеңі үшін сыбайлас жемқорлық пен оның көріністеріне қарсылық туындауы кез келген азамат үшін қалыпты жағдайға айналуы қажет.

Ғалия ӘЛІМҚҰЛОВА,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: