Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге көлемінде пара алғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Судья сотталушыдан іс жүргізу барысында қылмыстық істі бас бостандығынан айыруға емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!