Сенбі, 28 желтоқсан, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеті жыл жаза мерзімі аяқталып, бостандыққа шықты

17.08.2023

350 0

     2017 жылы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен  бірнеше баппен, сотты болып жеті жылға қатаң режимде Е есімді азамат бас бостандығынан айрылған болатын.  Жеті жыл бойы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп келе жатыр. Бұл туралы толығырақ АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны Ерлан Романқұлов былай деді.

  • Мекемеге Е есімді азамат келіп түскеннен бастап өзін тұйық, әрі тез ашуланғыш екенін байқадым. Кейін, мекеме психолог маманы мен теолог мамандарымен бірлесе отырып, жеке сөйлесулер мен түрлі тақырыпта тренингтер ұйымдастырдық. Өзі секілді сотталған азаматтар мен бірлестіріп, әртүрлі сала мамандарын шақыртып, мекемеде жоспар бойынша ұйымдастырылатын түрлі сайыстық шараларға белсенді қатыстыра отырып, адамдар мен араласуын жақсарттық. Жеті жыл ішінде бірнеше шараларға қатысып, өзінің ақылдылығмен алға шығып, жақсы көзге түсе білді. Өзінің бостандығын асыға күткен ол, анасы мен бауырын сағына күтті. Бүгін міне, сарыла күткен уақыты межесіне жетіп бостандыққа шықты. Бостандыққа бейімдеу мақсатында Е есімді жазаланушы мен бірге Пробация қызметінің қызметкері мен жұмыспен қамту орталығының арнайы мамандарын шақыртып, еркін өмірге қадам басқаннан кейін жұмыс жасауға, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алудың жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі күнге шығарып алушы ретінде өзінің анасы және бауыры келіп, отбасымен қауышты.

     Сондай-ақ, сотталған азаматтың анасы мекеме қызметкерлеріне жеті жыл ішінде өзіне жылы шырай қабақ танытып, баласының денсаулық жағдайын басты назарда ұстағандарына мекеме басшысы мен қызметкерлеріне толасыз алғысын білдірді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: