Сенбі, 23 қараша, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жеті жылға дейін көлік жүргізе алмайды

26.01.2021

1264 0

        Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен бағыт аралау барысында Қызылорда қаласы, Қонаев көшесі бойында «Тойота Камри» автокөлігі тоқтатылды.

       Құжаттарын тексеру барысында 35-жастағы жүргізушінің  автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

        Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: