Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекеменің қызметкерлеріне және мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жұқпалы аурулардың қатерлі түрлерінің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – ЖИТС (СПИД) ауруының таралуы. Елімізде вирустың қатерлі түрі 1987 жылдан бастап анықталған. Міне содан бері Республикамыздың түкпір-түкпірінде «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары» жұмыс істейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көп жылдық тексеру барысында вирусқа қарсы вакцина таппаған. Адамдар тек уақытша вирустың өршімеуіне қарсы дәрілерді қабылдау арқылы өмір сүріп келеді.

Облысымызда вирустың таралу фактісі жиілеген. Осы орайда халық арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу адамдар үшін үлкен қауіптің алдын алады.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталғының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Ш.Балыкбаева және дәрігер-эпидемиолог Г.Е.Ильясова ауру жайында анықтама беріп, жұғудың себептерін атады.

«СПИД – емделмейтін, бірақ алдың алуға болатын ауру. Осы денрттің таралмауы үшін қоғам болып, әр адам өз жауапкершілігін түсініп, сақтық шараларын ұстануы қажет. Денсаулық – ең қымбат байлық, сондықтан өзіңнің және өзгелердің өмірінен немқұрайлы қарамау әр адамның міндеті. Бұл вирустық ауру күн санап өршіп барады. Таралудың нақты үш жолы анықталғанымен, ең қиын ауру ошаған анықтау болып отыр»,- дейді орталық маманы С.Ш.Балыкбаева
Сотталғандар да аталған ауру бойынша медицина мамандарына сұрақтарын қойып, вирус жайында кеңінен ақпарат алды. Бұның жалпы адамзатқа қаупі жайлы түсіндіріліп, жеке бастың саулығына мән беру тапсырылды.
Рәпіш ТӨЛЕП,
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!