Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жоғалды деген малы жол-көлік оқиғасына себепші болды

24.12.2021

919 0

2021 жылдың қазан айының 22 күні облыс орталығының тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Тасбөгет Полиция бөліміне келіп, арызданған. Жәбірленуші арызында, оның қалада орналасқан саяжайлардың бірінде жайылып жүрген 1 бас 6 жасар сиырын жоқ екендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 350 мың теңге.

Қызылорда ҚПБ-ның криминалды полиция бөліміне ұрланған сиыр малының ен-таңбалары мен сырғасын, түр-түсін сипаттай отырып мал ұрлығы қылмысын жасаған белгісіз адамды анықтауға тапсырма берілді. Қызылорда ҚПБ-ның криминалды полиция бөлімінің және учаскелік полиция инспекторларының көмегімен жайылымдық жерде жоғалған сиыр малын іздестіру барысында, жоғалған сиыр табылды.

20 қазан күні тас жол бойында белгісіз бір қала тұрғыны сиыр малын өзінің автокөлігімен қағып кеткендігін, сол уақытта оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері сиыр малының иесін анықтамаған.

Орын алған жол көлік оқиғасына сиыр малының жайылымдық емес жерде жүруінің салдарынан болуына байланысты кінәлі азаматтың анықталғанына дейін сиыр малын өзінің тұрғылықты үйінің ауласындағы мал қорасына уақытша қойып, мал дәрігерлеріне тексерістен өткізгендігін көрсетіп, тергеп тексеру барысында өз еркімен өзінің тұрғылықты үйінің ауласындағы мал қорасында тұрған сиыр малын көрсеткен.

Осы ретте, арызданушы, сиыр малының иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігімен (Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан) хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: