Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды

24.05.2024

356 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның туыстары хабар-ошарсыз кеткенін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Артынша кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

«Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: