Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жоғарғы сот белгілі қазақстандық журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевты ақтап шығарды

19.07.2022

790 0

ҚР Жоғарғы соты белгілі журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толығымен ақтады. Бұл туралы Әсет Матаев өз парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы сот сейсенбі күні өткен отырысында Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсанда шығарған үкімінің күшін жойды. Үкімді оқыған сот, Матаевтардың ақталғанын және қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.

Еске салайық, Сейітқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталған еді. Қылмыстық қудалау ҚазТАГ агенттігін рейдерлік жолмен басып алу әрекетімен қатар жүрді. Ақша жеді деп айыпталған Матаевтар тағылған кінәні мүлдем мойындамаған.

Сонымен қатар, Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылған іс бойынша Матаевтардың кінәсі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша дәлелденбеді, соған қарамастан сот айыптау үкімін шығарудан тартынбаған. Сонымен бірге Матаевтарды тапсырыс бойынша қудалауға қатысушылардың ешқайсысы әлі күнге дейін жазаға тартылған жоқ.

2022 жылдың 5 шілдесінде заңгер Джохан Өтебеков  Бас прокуратура Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге қарсылық бергенін хабарлаған. 6 шілдеде Өтебеков жағдайға түсініктеме бере отырып, Әсет Матаев ісін қайта қарауды қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: