Дүйсенбі, 25 қараша, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі

30.01.2023

675 0

Облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде, былтыр жол-көлік оқиғаларына қатысты деректер саны тұрақталып, зардап шеккендер қатары төмендеген. Дегенмен, қауіпсіздік ережелерін қаперден шығаруға болмайды дейді сала мамандары.

-Жалпы жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – көлік тізгіндеушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережесін өрескел бұзуы. Сондай-ақ, жол жүру барысында жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып кетуі немесе жүргізушілердің ұйықтап кетуі салдарынан оқыс оқиғалар орын алады. Осыған сәйкес, аймақ көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс әкімінің қолдауымен жаңа үлгідегі «Ekin Patrol G2» құрылғысы патрульдік автокөліктерге орнатылды. Бұл құрылғылар жылдамдықты шектен тыс асырғандарды автоматты түрде анықтай алады және 10 камера 360 градуста барлық аумақты толық шолып шығуға қауқарлы. Бұған қоса, жалған мемлекеттік белгілері бар, жолда аялдау ережесін бұзғанды, көліктің техникалық байқаудан өтпегенін анықтауға мүмкіндігі бар. Егер жол-көлік ережесі ескерілмеген жағдайда құқық бұзушылық дерегі автоматты түрде серверге жүктеліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама көлік иесінің мекен жайына жолданады. Сондықтан, облыс тұрғындарына айтарымыз жол қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз, – деді ОПД Жергілікті полиция басқармасының бірінші орынбасары Марат Рахметов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: