Оралда жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады.
Бейнежазбада жолаушылардың жүріп бара жатқан көліктен денелерін шығарғанын байқауға болады.
Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. “Хайп” үшін жасалған әрекеттер өмірге қауіпті екенін ұмытпаған абзал, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
