Қызылордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы бастау алды. Аталмыш акция облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Молдабеков Бахыт, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құлмағамбетов Айбек, Көші – қон полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жолдасбаев Аруын тұрғындармен тікелей эфирде тілдесті.
Басқарма басшылары тікелей эфир барысында тұрғындарға түрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берді.
Таңертеңнен бері әлеуметтік желілерде тікелей эфирге 500 – ден астам азамат қатысып, 400 – ге жуық сұрақ келіп түсті.
Екі күн қатарынан өтетін акция барысында облыс тұрғындары мамандардан әкімшілік айыппұл төлеу, жүргізуші куәлігін алу және басқа да мәселелер бойынша онлайн режимде кеңес алуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!