Бейсенбі, 09 қазан, 12:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Жосалы кентінде пробация есебіндегі азаматтарға бірлескен тексеру жүргізілді

09.10.2025

102 0

Жосалы кентінде пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты бірлескен тексеру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға аудандық пробация қызметі, полиция бөлімінің және Қоғамдық даму бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, пробациядағы азаматтардың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік бейімделуін зерделеді.

Жосалы кентінде пробация есебіндегі азаматтарға бірлескен тексеру жүргізілді

Сонымен қатар, оларға құқықтық және әлеуметтік кеңес беріліп, еңбекке орналастыру мен оңалту бағыттары түсіндірілді.Қоғамдық даму бөлімі тарапынан жат ағымдардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға дәстүрлі дін мен радикалды ағымдардың айырмашылығы жөнінде мәлімет беріліп, рухани тұтастықты сақтау маңыздылығы атап өтілді.Мұндай бірлескен іс-шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, қайта құқық бұзушылықтың алдын алу, және пробациядағы азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: