21 қазан сағат 01:40-та Жаңақорған ауданы Жайылма ауданын тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, жол – көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, сот шешімімен 2021 жылдың тамыз айында ол 7 айға көлік басқару құқығынан айырылған болатын. Алайда, бұған қарамастан жүргізуші мас күйінде қайта көлік тізгіндеген.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!