Сейсенбі, 15 сәуiр, 21:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады?

14.04.2025

302 0

Жүргізуші куәлігі үш жағдайда өзгертіледі: жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін немесе кейін және санат өзгерген кезде. Қалай әрекет ету керек және ол үшін қандай құжаттар қажет?

Жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік БАЖ төленгенін растайтын құжатыңыз болуы қажет. Сондай-ақ, мерзім аяқталмаса екінші денгейлі банк қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» арқылы ауыстыруға болады. Егер сізде жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, жеке басын куәландыратын құжат, 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама және мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат болуы қажет. Емтиханды қайта тапсыру қажет емес.

Егер сіз қосымша санаттар алғыңыз келсе, сізде автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік болуы керек. Сонымен қатар «C», «D1», «D», «Tm», «Tb» санаттарын алу үшін – жүргізуші ретінде жұмыс өтілін растайтын құжат қажет.

Мамандандырылған ХҚКО Тасбөгет кенті, Жаңадария шатқалы, 91 мекенжайында орналасқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: