Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны рөлге мас күйде қайта отырған

26.07.2023

506 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25 шілде күні қызмет атқару барысында аудан кентінде37 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы «ИЖ Планета» мотокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 28.01.21 ж. 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кездетағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, мотокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: