Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұмыс пен пәтерді уәде еткен алаяқ ұсталды

09.12.2020

1383 0

Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан  алаяқтардың жалған уәделеріне сеніп, қомақты ақшаларынан  айырылып қалғандар саны азаяр емес.

          Мәселен, ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні  полицияға Қызылорда қаласының тұрғыны 38 жастағы азаматшадан арыз түсті. Арызданушының айтуынша, осыдан бірнеше жыл  бұрын «жұмысқа тұрғызып, пәтер алып беремін» деген танысының сөздеріне сенген ол 5 миллион 400 мың теңге ақшасын берген. Арада айлар, жылдар өткен. Бірақ уәде етілген я жұмыс, я пәтер жоқ. Алаяқтың арбауына түскенін түсінген азаматша полицияға жүгінеді.

          Тұрғынның ақшасын алып, алдап кеткен алаяқты іздестіру жұмыстары жүргізіледі.   Нәтижесінде оңай олжаға кенелгісі келген 24 жастағы  қала  тұрғыны ұсталды. Бүгінгі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабының  3 – бөлігімен (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру  амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: