Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 600-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

21.01.2021

1101 0

 Полиция жалпы құқық бұзғандарды аңдып, қамауға алып, айыппұл салуды меңземейді. Олардың басты мақсаты – заң талабын бұздырмау. Түсіндіру жұмыстары арқылы алдын алу. Жыл басынан бері барлық анықталған құқық бұзушылықтар саны – 538, бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. 

            Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу  – 223 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылықпен тіркелгендер саны – 65. Тыныштықты бұзудың – 121 дерегі, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 12 дерегі жыл басынан бері орын алған.

            Белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша – 5 дерек,  ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – 16 жағдай орын алды. Қалалар мен елдi-мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру- 50 дерек тіркелген. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы- 54 дерегі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендегенін көрсетеді.

              Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің 2 дерегі тіркелді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: