Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан қызылордалық полицейлер 49 мас жүргізушіні анықтады

19.01.2021

865 0

Көлік құралын мас күйінде басқару қылмыспен тең.  Жүргізушілер спирт ішімдігін ішіп,  өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін ойлау керек. Жыл басынан облыс бойынша көлік құралын мас күйінде жүргізген 49 жүргізуші анықталды.        

      Мысалы, 08 қаңтарда патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Nexia маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 30 жастағы жүргізушінің  автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

        Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: