Жұма, 29 қараша, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан қызылордалық полицейлер заңсыз айналымнан 143 келі есірткі затын тәркіледі

19.10.2021

980 0

Қызылордалық полицейлермен 2021 жылдың 9 айында 169 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың – 12, есірткі сатудың – 21, есірткі өсірудің – 43, есірткі жарнамалаудың- 2 дерегі және есірткімен байланысты қылмыстық теріс қылықтардың 90 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 143 кг. 30 гр. есірткі заты тәркіленсе, оның 352 гр. синтетикалық есірткі құралы.

Жыл басынан атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда облысы көлемінде есірткі насихаттау және жарнамалаудың 2 дерегі анықталып, Қызылорда қаласының 20 жастағы әйел азаматшасы ұсталып, тергеу әрекеттері кезінде өзінің көрсетуімен 110 граффити суреттер жойылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткіні Қызылорда қаласында таратудың 2 дерегі анықталып, Атырау және Семей қалаларының тұрғындары құрықталды. Тінту әрекеттері кезінде олардың қала орталығынан жалдаған пәтерлерінен, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы тапсырыс қабылдап, жасырып қойған нүктелерінен жастар арасында «мефедрон», «эфедрон», «PVP» атауымен танымал синтетикалық есірткі құралдары заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының бастығы полиция майоры Тұңғышбай Еркіннің айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қазан және 30 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Рефлекс» жедел профилактикалық іс-шарасының барысында синтетикалық есірткі сақтаудың 3 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, «Қызылорда облысы аумағында 2021 жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2021» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы да өткізілуде.

Іс-шара кезінде есірткі өсірудің 43 дерегі анықталса, оның 16 дерегі далалық аймақтан, 27 дерегі үй ауласы, саяжайдан табылды.

Есірткі өсіргені үшін барлығы 52 тұлға ұсталса, оның 30-ы қамаққа алынды. Оқиға орнынан барлығы 14 мың 360 түп сора өсімдігі жойылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: