Сенбі, 21 желтоқсан, 22:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Блогерлерге оранғаны үшін ақша беріледі

26.06.2023

13468 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Дүйсенбай Кенжетай орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте «қыз-келіншектер ақша үшін жаппай хиджаб киеді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, «блогерлерге оранғаны үшін ақша берілетінін естігенін» жазған еді. 

Журналистер ОКҚ алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінен осы мәселе жайында сұрады. 

«Орамал тарту – әйел баласына балиғатқа жеткен парыз. «Орамал тартқызды» дегенді біз естіген жоқпыз. Бұл – жаңсақ пікір. Ол пікірлерді шама келсе таратпауға кеңес береміз», – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Дүйсенбай Кенжетай.

Ол сонымен қатар, оқушылардың хиджап киюі жайлы сұраққа жауап берді. 

«Фатуа.кз сайтында бұл мәселе айтылған. Мектеп оқушыларына біз әрдайым айтып келе жатырмыз. Балиғат жасына жеткен деген 15-16 жастан асқан деп айтылады кейбір жерлерде. Хиджап мәселесінде қатты тартыс жоқ деп мен айта аламын. Дегенмен болашақта бұл мәселе тағы көтеріліп жататын болса, арнайы ҚМДБ-ның пәтуасын, ұстанымын толықтай қарап алуыңызға болады», – деді Дүйсенбай Кенжетай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: