Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Кітап құрттары»  ұйымымының жетекшісі сотталғандарға кітап сыйлады.

01.08.2022

3123 0

ЗК-169/1 тергеу изоляторы қамауында отырған сотталған азаматтар арасында кітап оқитындардың саны күнсайын артып келеді. Осыған байланысты мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Олжабаев  Қайрат Байдүйсенұлы  кітапхана қорын арттыру әрі соталғандады тәрбиелеуге пайдалану мақсатында  жан-жақтан кітап  сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

 Сондай белсенді іс-әрекет барысында кітапхана қоры 70 ке жуық  кітаппен толықтырылды

  – Бұл кітаптардың алғашқы  легіне  қаламыздағы  жастар арасында  құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жетекшісі  Талғат Меңдібай Амангелдіұлының ұйымдастырған « Кітап сыйла» акциясы аясында  қол жеткіздік

Талғат Амангелдіұлы  қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға,өз үлесін қосып жүрген  азамат.  Қаламызда әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өскелең ұрпақты кітап оқуға үндеп « кітапқұрттары» болуға, жастарды  креативті ойлауға  шақырады.

Бұл жолы Фейсбуктегі өзінің аккаунтында « Кітап сыйла» акциясы болатындығы жайлы күн ілгері хабарландыру жариялаған болатын.

Соның нәтижиесінде көшілік ортасынан  жетпіске жуық  кітап жиналып, барлығы дерлік тергеу изоляторына алып келінді.

 Енді бұл кітаптар арнайы сараптамадан өткізіліп,  мекеме кітапханасына тапсырылады- дейді майор Қ.Олжабаев.

Ұйымдастырылған акция жөнінде :

  – Маған тергеу изоляторынан кітап қорын арттыру мақсатында көмектесуімді өтінді. Осыған сәйкес, фейсбуктегі парақшамда кезекті «Кітап сыйла» акциясын ұйымдастырдым. Акция бойынша белгіленген уақытта мекен-жайы көрсетілген жерге қаламыздың азаматтары өз еріктерімен кітаптарын әкеліп тапсырды.

Өкінішке орай, теміртордағы азаматтардың электронды кітаптар мен ақпараттық порталдарға қолы жетімсіз. 

Бірақ,  көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді демекші, ойдың жүйріктігін жетілдіріп, ұтқырлығын оздыратын, рухани тәрбие беретін құнды қазына – кітап екені ақиқат.

 Сондықтан да бүгінгі акция барысында  жиналған кітаптарымыздың қателік жасап жазаға тартылған адамдарды тәрбиелеуге, рухани байытуға, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға игі әсері болады деп ойлаймын –   деді,  70 кітаптың жиналуына себепкер болған патриот азамат Т.Меңдібай.

Айта кететін тағы бір жай, креативті ойларымен ерекшеленіп жүретін азамат,алдағы уақытта сотталғандарды кітап оқуға тарту мақатында мақсатында  тың идеяларын білдірді. Мекеме бастығының орынбасары бұл идеяларды жүзеге асыру үшін  бірлесе жұмыс жасаймыз деген уәдемен қайтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: