24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан», – делінген құжатта.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Ашық НҚА» порталындағы сипаттамада қаулының мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін жақсарту және оны кәсіби аренада ынталандыру екені атап өтілген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!