Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Құрбан айтта құранды өртеді

29.06.2023

13905 0

Швеция астанасы Стокгольмде Ирактан келген босқын жігіт Құранды өртеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Үлкен мешіттің алдында Құран өртеуге полиция рұқсат берген. 37 жастағы Салван Момика бірнеше апта бұрын құқық қорғау органдарына арыз жазып, рұқсат алған екен. 

Ол бір топ тәртіп сақшыларының және жолай өтіп бара жатқан 200-ге жуық адамның көзінше мұсылманның қасиетті кітабының бір данасын өртеп жіберді. Дегенмен жұртшылық оның әрекетін қолдамаған. 

«Біз мұндай нәрселерге көз жұмып қарап, төзімділік көрсетпеуіміз керек, осындайларға тоқтау салатын кез жетті. Біреуді қорлау жақсы емес», «Сөз бостандығы, әрине, өте маңызды, бірақ діни кітапты өртеу – сөз бостандығы емес, бұл мүлдем басқа нәрсе, оның әрекетін арандатушылық деп есептеймін» – деді тұрғындар. 

Акцияны ұйымдастырушы өзінің екінші отаны Швецияның имиджіне нұқсан келтіргісі келмейтінін айтып, Құранды өзінің жеке себептерімен өртегінін мәлімдепті. Кейбір мәліметтерге қарағанда ол тіпті Швецияның НАТО-ға кіру процесі аяқталғанша күте тұрғысы келген.

Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарында даниялық Расмус Палудан Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында Құран өртеп жіберген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: