Сәрсенбі, 04 маусым, 09:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

85 мың теңгеге күн көре алмас едім – Вице-премьер Жұманғарин

02.06.2025

270 0

Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қазіргі ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көре алмайтынын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Журналистер Жұманғаринге азық-түлік бағасы күрт өсіп кеткенін айтып, «Ең төменгі күнкөріс деңгейін және ең төменгі жалақыны қайта қарайтын кез келген жоқ па?» деп сұрады.

«Бізде бұл екі түсінік үнемі қаралып отырады. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы деңгейін айтып отырмын. Сондықтан бұл – үкіметтің үнемі жүргізіп жатқан жұмысы. Баға шынымен өсіп кетті. Бұл жағынан сіздермен толық келісемін», – деді Жұманғарин.

БАҚ өкілдерінің «Ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты әділ белгіленген және бұл ақшаға өзіңіз күн көре алар ма едіңіз?» деген сұрағына премьер-министрдің орынбасары күн көре алмайтынын айтты.

«Менің ойымша, ол ақшаға күн көре алмайтын едім. Алайда ең төменгі жалақы – есептік көрсеткіш. Мұны айқын түсінулеріңіз керек, яғни одан төмен жалақы төленбеуі керек. Бұл дегеніміз – біреу ең төменгі жалақы төлеуі керек деген сөз емес», – деді ол.

Дегенмен Жұманғарин «Ең төменгі жалақы мөлшері әділ белгіленген бе?» деген сұраққа жауап бере алмады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: