Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік әлеует басты назарда

19.03.2022

392 0

Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақытта болатын кезекті сессияда «Облыста халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғаудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» мәселе қаралады.

Мәселені сессияға әзірлеу үшін Уақытша комиссия құрылып, оның құрамына барлық депутаттар қамтылып және осы салаға қатысты басқарма органдарының басшылары мен тиісті мамандар қатыстырылды. Осы мақсатта облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов, Уақытша комиссия төрағасы Г. Есқалиева және комиссия мүшелері мен жауапты басқарма басшылары Арал ауданына барып, аудан әкімдігінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғаудың жайы бойынша атқарылған жұмыстарымен және оңалту орталықтарының жағдайымен танысып, соған қатысты мәселелерді жан-жақты талқылады.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндама жасады. Атап айтар болсақ, Арал ауданы халқының саны 81738 адам, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар 3426, экономикалық белсенді халық саны 30440 жұмыспен қамтылғандар саны 28910, ал жұмыссыздар саны 1530 адам. Аудан бойынша мүгедектердің саны 2621 адам. Оның ішінде: I топ мүгедектері – 226, II топ мүгедектері – 850, III топ мүгедектері – 1143, мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 402, тұлдыр жетім балалардың саны – 66.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау бойынша қоғамдық жұмыстарға жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Дегенмен бөлінген қаржы аз, тек бірінші жарты жылдыққа ғана жетеді. Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің қолымен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға облыс әкімінің атына қосымша 200 адамға 144 000,0 мың теңге бөлу туралы хат жолданды.

Арал ауданы бойынша 2022 жылға жүріп тұруы қиын 1 топ мүгедектерінің жеке көмекшілер қызметіне атқарған жұмысының кепілдендірілген құны сағатына 367,56 теңгеден болып белгіленді.

Жыл соңына дейін жеке көмекшілердің қызметақысын үздіксіз төлеу үшін 232 878,0 мың теңге қаржы жұмсалады деп күтілуде. Осы қызмет ақыларын толық төлеу мақсатында 70 180,0 мың теңге қосымша қаржы қажет, – деді аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов.

Хабарлама аяқталған соң, «Осал топтармен жұмыс жасау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Итенқызы мүгедектердің жеке көмекшілеріне қатысты пікірін білдірді. Ол облыс бойынша қаржының  жеткіліксіз екендігін алға тартып, кезекті облыстық бюджетті нақтылауға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданғанын айтты.

2021 жылдың 12 қазанында ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жекеленген санаттағы әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Соған байланысты өткен жылдың 1 қарашасынан бастап 1 топтағы мүгедектерді күту жөніндегі  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Енді жеке көмекшілердің жеке бағдарламаларын қайта қарау қажет. Әрбір аудандық емханалармен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізіп,  нақты күтімді қажет ететін адамдарды анықтап, талдау жасау керек, – деді А. Итенқызы.

Одан соң, сөз алған  облыстық мәслихат депутаты М. Жұмашев жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына  мүгедектердің көмекшілеріне берілетін жалақыға қатысты  мәселені зерттеп, талдау жасау жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын жеткізді.

Одан бөлек, депутаттар тарапынан грант бөлу мәселесі, ерекше балаларға арналған ойын алаңдарын ашу, халыққа тиімді болатын жобалар туралы, әлеуметтік осал топтар бойынша аудандарда оңалту орталықтарын ашу және т.б мәселелер көтерілді.

Отырыс соңында, облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов ерекше жағдайдағы жандардың мәселесі мен оңалту орталықтарының мүмкіндігінің жетіспеушілігі басты мәселе болып отырғандығын және алдағы уақытта аталған мәселелер облыстық мәслихат сессиясында қаралатынындығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: