Сейсенбі, 26 қараша, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Әр азаматқа лайықты өмір» – партияның басты ұраны

17.09.2021

726 0

Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістік пен әлеуметтік ахуалдың оңалуы – жүйелі жоспардың нәтижесі. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымы да сатылай дамуды көздейтіні анық. Қазіргі таңда халық өмірін жақсартуға бағытталған бағдарлама түрлі салаға дем беріп, қала ғана емес, шалғайдағы ауылдарды да түрленуіне жол ашып келеді. Мұны біз тұрғындармен кездесуде тарқатып айтудамыз.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды көздейтін жобалар бүгінде өз жемісін береді деп айтуға болады. Мысалы, аймақта алдағы бесжылдықта 19 елді мекенді газдандыру жоспары жүргізілмек. Бүгінде Жосалы және Жалағаш кенттері мен Шиелі ауданының Н.Бекежанов ауылы табиғи газға қосылып, 33 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Жыл соңына дейін Жол картасы аясында Қазалы қаласы мен Шиелі ауда­нының Қодаманов ауылдарының 11 173 тұрғыны толықтай табиғи газға қосылып, облыс тұрғынд­рының газ тұтыну үлесі 67,4 пайызға жететін болады.

Бұдан бөлек бағдарламада басымдық берілген денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамту, елді мекендерді газдандыру секілді мәселелер назардан тыс қалмай,  шешу жолы нақтыланған. Осы ретте партия филиалдары жанынан Сайлауалды міндеттерді іске асыруға бақылау мақсатында 12 облыстық және 73 аудандық, қалалық қоғамдық кеңес құрылғанын айта кеткен жөн.

Мұның барлығы Тәуелсіз Қазақстанның ынтымағы­ мен даму жолында жасалған нақты қадам екені дауысы. Межеленген жоспар­лар мен сайлауалды бағдарлама толық жүзеге асқан сәтте сан салада ілгерілеу байқалмақ. Сондықтан «Nur Otan» партиясы егемен елдің ертеңін қалыптасыру жолында қозғаушы күшке айналды деп айтуға толық негіз бар. 

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: