Сенбі, 21 желтоқсан, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Алаңдаудың қажеті жоқ»: Смайылов азық-түлік бағасы бойынша қатаң тапсырма берді

15.03.2022

1353 0

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын таныстырды, – деп хабарлайды SN.KZ.

Әлихан Смайылов еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін атап өтті. «Қазір ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ» деді ол.

Премьер-министр соңғы жылдарда бүкіл әлемде азық-түлік тауарларына деген сұраныс пен оның бағасы күрт өсіп келе жатқанын айтты. Сондықтан отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу арқылы ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бірінші орынға шығып отырғанын түсіндірді.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту керек және импортқа тәуелділікті барынша қысқарту қажет. Мемлекет басшысы ағымдағы сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті.

Осыған байланысты тиісті жоспар әзірленген болатын. Қазіргі жағдайда бұл құжаттың маңыздылығы одан сайын арта түскенін көріп отырмыз», – деді ол.

Сондықтан азық-түлік тауарларының нақты қолжетімді болуы, дүкендер мен базарда жеткілікті көлемде болуы басты міндет болып отыр.

Әлихан Смайылов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қажет екенін айтты.

«Бағаны реттеудің қолданыстағы механизмдерінің тиімділігін бағалау керек. Сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындау қажет.

Бағаларды әкімшілік механизмдермен ұстап тұру нарықтық тәсілдерге жатпайтынын білеміз, сондықтан бағаларды тұрақтандырудың басқа да әдістерін қолдану қажет.

Сонымен бірге, жоспар аясында форвардтық жеткізулер жүйесін дамыта отырып, агроөнеркәсіп кешені және сауда субъектілерінің арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату шараларын да қарастыру керек», – деді премьер-министр.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы да маңызды орын алатынын айтты.

«Бұл бағытта ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, тамақ өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жетілдірудің маңызы зор. Сондай-ақ, аграрлық ғылымды дамыту қажет», – деді ол.
Ғылыми-зерттеу процестерінің интеграциясын, кадр дайындау және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізудің қамтамасыз етілуі тиіс екені де атап өтілді. «Бұл үшін Жоспарда аграрлық университеттер базасында құрамына аграрлық ғылыми институттар мен тәжірибелік шаруашылықтарды қоса отырып, зерттеу орталықтарын құру бойынша нақты міндеттерді қарастыру қажет» деді ол.

Жоспарда көзделген іс-шаралар өңірлік даму жоспарларында да қамтылуы керек екені айтылды.

«Облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне құжатты пысықтап, Үкімет шешімінің тиісті жобасын әзірлеуді тапсырамын. Бақылау Роман Склярға беріледі», – деді Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: