Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманы енгізіп жатырғанына тоқталып, оның маңыздылығын атап өткен болатын.
«Бұл оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. негізі, бұл – біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлу мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп жоспарлы түрде келдік», – деді ҚР Президенті өз сөзінде.
Сондай-ақ Қазақстан халқының 40 проценттен астамы ауылда тұратынын айтып, бұл саяси шара ең алдымен ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.
«Алдағы сайлау біз жүйеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады», – деді Қ.Тоқаев
Осы ретте қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны алғаш рет өткізілді. Оған жергілікті ауыл тұрғындары ауызбіршілікпен атсалысып, өз таңдауларын жасады.
Сайлауға үш кандидат тіркеліп, нәтижесінде Сәкен Әбдіжаппардың кандидатурасы басым дауысқа ие болды. Айта кету керек ол бұған дейін де осы ауылдық округте әкім қызметін абыроймен атқарып келген. Бұл туралы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіқадыр Ергешбаев айтты.
Қала әкімі Асылбек Шаменов пен Қызылөзек ауылдық округінде болып, сайлау нәтижесінде халық қолдауына ие болған ауыл әкімі Сәкен Әбдіжаппарды таныстырды.
Жиында ауыл тұрғындары ауыл әкімі Сәкен Нысанұлына ардагерлер ұйымы және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасауды, осы елді мекенге қоныстануды, кәсіпкерлікті дамытуды тапсырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!