Қазіргі таңда мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өзекті. Өзімізге белгілі, биыл өңіріміздегі ауыл шаруашылық мамандары үшін оңай жыл болмады. Су тапшылығы сезілді. Жалпы суды үнемдеу мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған мәселеге байланысты біздің ғалымдар зерттеулер жүргізді. Күріш өнімін алмастыру ұсынылды. Дегенмен біз толығымен бас тарта алмаймыз. Себебі, күріш біздің экологиялық дақыл болып табылады.
Сыр елі тұзды жер болғандықтан, күріш егуге міндеттіміз. Жерді сумен бастырып, тұзді төменгі қабаттарына көшіргеннен кейін басқа дақылдарды екі жыл егуге болады.Кейін қайтадан күрішті егуімізге тура келеді. Алдағы уақытта осы бағытта дұрыс ауыспалы егіндік жүйесін пайдалансақ, суды аз мөлшерде тұтына аламыз. Есесіне өнім де молынан болады.
Нұрбол Аппазов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!