Сенбі, 28 желтоқсан, 03:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балжан Шәменова Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті

25.05.2022

1620 0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол – Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Балжан Шәменова жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес.

Балжан Шәменова Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті

«Сондықтан мен өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым. Жас кадрларға жол берейік. Олар ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек», – деді ол.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің бұрынғы орынбасары Балжан Шәменованы құрметпен шығарып салды. Кездесу барысында өңір басшысы Шәменованың облыстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, облыс әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Балжан Шәменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметте жұмыс істейтін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: