Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бекболат Тілеухан: Қаңтарды мен түгілі, мүйізі қарағайдай сарапшылар да болжай алған жоқ

31.08.2022

806 0

«Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасының болатынын біліп тұрып, елден кетті». Айтыскер ақын Ринат Зайытов өткен аптада осылай деп мәлімдеген болатын. Экс мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Зайытовтың айыптауын жоққа шығарды. Сондай-ақ ол Түркияға не үшін кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елді мазалаған сауалдарға Тілеухан Instagram арқылы жауап берді.

“Қаңтар оқиғасының болатынын білдіңіз бе?» деген сауалға Тілеухан: «Қайдан білесің ондай зұлматты?! Қанды қаңтарды мен түгілі, мүйізі қарағайдай сарапшылар да болжай алған жоқ. Ал «Бекболат білді, білген соң кетті» деген жала ол енді қанқұйлы дұшпандарымның өлімге қиған өсегі!

Геббелстің «чем чудовищнее ложь, тем охотнее в нее верят и тем быстрее она распростроняется» деген саяси технологтар күні бүгінге дейін қару еткен қарау тәсілі бар. Сол тәсілді тағы да маған жанталаса қолданып жатыр, біріне бірі доп ойнағандай тас тастап», –  деді. 

Сонымен қатар ол Түркияға не үшін кеткенін түсіндірді.

Бекболат Тілеухан: Қаңтарды мен түгілі, мүйізі қарағайдай сарапшылар да болжай алған жоқ

«2021 жылдың қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы тарапынан (президенті Біләл Ердоған) маған қызметке ұсыныс түсті. Қазақ елінің атынан осындай мәртебелі қызметті атқару –  үлкен абырой және ел имиджіне де пайдасы зор деп білдік. 
Осыған орай, мен желтоқсан айының соңында депутаттық мандатымды тапсырып, аз уақыттық демалыстан кейін ақпан айында Ыстамбұл қаласындағы қызметіме кірістім. Содан бері халықаралық ұйымда қызмет етіп жатырмын», –  деп мәлімдеді ол. 

Экс-депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше ұйымдасқан топ оның атын қаралаумен айналысуда. 

«Бекболат Тілеуханды қаралау процесі кәдімгі ғылыми жүйемен іске асты. Бұл іспен бірлі жарым топтар емес, кәдімгі бірнеше институт жүйелі түрде іске кірісті. 

Бұдан ондаған жылдар бұрынғы сұхбаттардың әр сөзін сүзіп, сараптап, монтаждап, жарыққа шығару. Оның бәрі уақыт, оның бәрі қаржы. Әр сөзіңді жай ғана мазақтап қана қоймай, гриммен, сақал жапсырып, шашын келістіріп, дыбысты туралап, кәсіби актерлерді тартып, вирустық видеолар дайындау. Оның бәрі уақыт, оның бәрі қыруар қаржы», – дейді Бекболат Тілеухан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: