Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Бекітілген мерзімде ғана жүріп-тұра алады»: Cыртқы істер министрлігі Ресей азаматтарының елге кіру тәртібін түсіндірді

23.09.2022

780 0

ҚР сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы азаматтарының елге кіру және Қазақстанда белгілі бір уақыт тұру тәртібі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі жағдайда Қазақстанның мемлекеттік органдары еліміздің қолданыстағы заңнамасын және халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

«Ресей Федерациясының біздің елге келетін азаматтары санының өсуіне байланысты кейбір қазақстандықтардың алаңдаушылығына орай мына мәселелерді түсіндіру қажет деп санаймыз»,  – делінген министрлік ақпаратында.

Шетел азаматтарының Қазақстан республикасына кіру және болу тәртібі бар, оларды бақылауды шекара қызметі және тиісінше ішкі істер министрлігі жүзеге асырады, деп түсіндірді ведомство.

«Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде және жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуде. Бұл ретте, кез келген шетелдік азамат ел аумағында бекітілген мерзімде ғана жүріп-тұра алады. Олар еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет», – дейді министрлік.

СІМ құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды және біздің іс-әрекеттеріміз осы қағидаттардан туындауы тиіс екенін атап өтті.

«Сондықтан қолданыстағы шарттар сақталуы тиіс және ықтимал құқық бұзушылықтарды әкімшілік тәртіппен тоқтату керек. Мемлекетте ұлттық мүдделерді қорғаудың тетіктері жеткілікті, бұл орайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары», – дейді олар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: