Жұма, 22 қараша, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Бірінші байлық – денсаулық

07.09.2021

801 0

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жаһандық пандемияның осы қиын жылдарында біз осы қауіпті вирусты жеңу үшін бірге күресуміз керек. Өзінің тиімділігін дәлелдеген қуатты қару – бұл вакцинация. Қазақстанда вакциналардың жеткілікті қоры және ұлттық вакцина түрі – QazVak бар. Айта кетейін, Қор филиалының барлық қызметкерлері толығымен коронавирусқа қарсы екпе алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалдың нашарлауына жол бермеу керек деген сөздерін толық қолдаймын. Жүйелі түрде жоспарлы скринингтерді, екпелер жүргізу, халыққа уақытылы сапалы медициналық көмек көрсету қажет. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, зертханаларды жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыру мәселелері және денсаулық сақтау саласының басқа да түйінді бағыттары ерекше бақылауда болуы тиіс.

Әрине, медицина саласы қомақты қаржыландыруды қажет етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өскенімен қаражат көздері әлі де болса арттыруды көздейді.

2020 жылы Мемлекет басшысы коронавируспен күресетін медицина қызметкерлерін қолдау көрсету міндетін қойды.

Сонымен, 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы Қызылорда облысының 29 636 медицина қызметкерлеріне жалақымен қоса, үстемақы төледі. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен үстемақыға 2,8 млрд теңге бөлінді. Қаражат 100 пайызға игерілді. Қосымша қаржыландыру күтілуде.

Біз Мемлекет басшысының Жолдауын толық қолдаймыз және қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибеміз бен біліктілігімізді саламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: