Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат Ермұрат Бапидің уланып қалғаны рас па?

12.09.2024

296 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи 4VLASTINFO youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, депутат Еуропада 14 күн болған.

«Еуропада 14 күн, соның 10 күнінде клиникада болдым. Улану жөнінде ешқандай диагноз анықталмады. Улану деген блогерлердің, жекелеген интернет-ресурстарда айтылып кеткен әңгіме ғой. Мен емес, «жанашырларымның» аузынан шығып кеткен сөз. Дәрігерлер улануды дөп басып, анықтай алмады, уланудың элементтері ағзамнан табылған жоқ. Керісінше, «организмдегі препараттардың бір-бірімен қақтығысы» деген диагноз қойды. Дегенмен күдігім пайда болды, оған себеп дәрігерлердің пікірі болды. Себебі Астанада 40 жыл тәжірибесі бар дәрігер денеме шығатын ісіктерді көріп, мұндайды алғаш рет көріп тұрғанын айтты. Ал Германиядағы дәрігерім мүлдем тәжірибесінде болмағанын айтты. Дәрігерлердің осындай пікірін тыңдағаннан кейінгі күдік болды», – деді ол.

«Сізді ұнатпайтын адам денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін бе?» деген сауалға да Ермұрат Бапи жауап берді.

«Бәріне жаға беретіндей 100 долларлық емеспін ғой. Біреуге ұнаймын, біреуге ұнамаймын. Біраз жасқа келдік қой. Түр-әлпетінен, іс-әрекетінен ұнатпай тұрған адамды бірден сеземін. Дегенмен ұнатпайтын адам осындай әрекет жасады деп айта алмаймын. Қолмен ұстап алмағаннан кейін «осылай болды» деп айтуға болмайды», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: