Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат: «Қазақстан имиджіне нұқсан келді»

26.06.2024

494 0

Сурет:facebook.com/epoxikoipirosvestes

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Грекияның Гидра аралында болған өртке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Депутат бұл деректі құзырлы органдар тексеруі керек деген пікірде.

«Грек қызметтері ол жақта қазақстандықтар болғанын растады. Мұндай ақпарат жайдан жай жарияланбайды. Біздің олигархтар әрекетін қалай жасыратынын білеміз. Әсіресе, (бұл жағдай) шетелде болса. Сондықтан мен осындай жағдай болған деп болжаймын. Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары бұл іспен тығыз айналысуы керек. Бұл жағдай ұлттық мүддемізге қатты қайшы келмеген шығар. Бірақ ең бастысы, елдің имиджіне нұқсан келді», – деді Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың пікірінше, Грекияда аралында болған өрт – экологиялық қылмыс.

«Сондықтан қылмыс тергелуі керек. Бас прокуратура «Бәсе» арнасындағы Айдос Садықовтың ісіндей бұл іске де кірісуі керек. Сол себепті мен бұл бағытта тек істің объективті қаралуын күтемін», – деп сөзін түйіндеді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: